Үш күндігін ойламаған әйелден без, Үш жылдығын ойламаған еркектен без! Бізді ақылымыздан алжастыру үшін батыс әлемі түрлі айла шарғылар жасап жатыр. Санамызды түгелдей мәңгүрт ету мақсаттары. 1) Атеисттік ұғым. Бұл ауруға шалдыққандар қара басының ертеңін ойламайды. Өз баласына имандылық , мейірімділік деген сезім ұялатпай ертең қарттар үйінде қалады. Құдайдан қорықпағаннан қорық! 2) Жалған ұлтшылдық. Бұл ауруға шалдыққандар өз ұрпағын көр соқыр етіп тәрбиелейді. Өзге ұлттармен дұшпан болып өседі. Батыс алпауыттары бүкіл шығыс елдерін бір біріне дұшпан көзқараста дамуын қалыптастырды. Шетінен мүжіп, қайта отарлап келеді. 3) Исламға дұшпандық. Ислам адамды тәуелсіз, еркін, азат санаға шақырады. Ал бір елді толықтай жаулап, тәуелді ету үшін ол халықты мәңгүрт ету керек. Бұның да жолдары көп. Ол елді қырық пышақ етіп бір біріне айдап салу тәсілі. Халықтың ішінен шала сауатты, көр соқырларын тиімді пайдалану. Олар түрлі салада тиімді қызмет атқарады. БАҚ арқылы, көгілдір экран арқылы, мәдени іс шаралар арқылы, (ішкілік, ән-би, жын ойнақ, атыс шабыс, қанды қырғын кинолар, қыздарды жалаңаштау үшін сұлулық жарыстары, ұлдарын намыссыз, әлжуаз, қорқақ ету үшін әйел сипатын сіңдіру т.с.с.) 4) Дін аралық дұшпандық. Түрлі ағымдарды жасап шығарып негізгі хақ Исламға айдап салу. Олардың сипатын бірден аңғаруға болады. Олар адамдарға насихаттағанда таза, пәк дағуат жүргізбейді. Шынайы дұшпанның бет жүзін жасыру үшін, тек ғайбат, өсек, елге жаны ашып шырылдап жүргендердің тырнағының астынан кір іздейді. Дағуатының негізі ғайбат, ізгілерді жамандау, халыққа жек көрінішті ету. Ал Ислам діні еш уақытта ғайбатқа негізделмеген . 5) Жағдайы төмен халықты байларға айдап салу. Халықтың осы осал тұсын тиімді пайдаланып келеді. Тарихқа қарасаңыз бұның қандай жеміс бергенін көре аласыз. Елі үшін құрбан болған зиялылар тілің мен дініңе бекем бол деп бекер айтып кетпеген. Олар біз жеткен технологияның дамыған шағына жетпесе де еркіндіктің не екенін жақсы білген. Ойланайық ағайын! Нұрлан Төленді

Теги других блогов: продвижение SEO Google